Жаңалықтар
Эксперимент жалғасады: Жаңа адамдар кезекті педофилды құрыққа түсірді

Фото: ашық дереккөз
Алматыда Жаңа адамдар кезекті педофилді әшкереледі, деп жазды qandastar.kz
Жаңа адамдар желідегі педофилдерді іздеу бойынша эксперименттерін жалғастырады. Мұндай жағдайлар ойлағаннан да көп болып шықты.
Әдеттегідей, олар 12 жасар қыздың атынан анкета ашып, оны танымал әлеуметтік желілердің біріне жүктеді.
«Көп ұзамай өзін «Әділет» деп таныстырған кезекті ер адам 12 жасар баланың профиліне қызығушылық танытты. Ол кішкентай қызға порнографиялық мазмұндағы суреттер мен бейнежазбаларды жібере бастады. Кейін «Әділет» ашық түрде қатынасқа түсуді ұсынып, қыздан өзін жалаңаш түрде бейнежазбаға түсіруін сұрады. Өз дегеніне жете алмаған соң, «ва-банкке» барып, қызды «кино көруге» шақырды. Чипсы мен кола сатып алып, ол біз көрсеткен мекенжайға – баланың үйіне келді», — деп бөлісті белсенділер.
Алайда кішкентай баланың орнына оны Жаңа адамдардың «124» азаматтық науқаны белсенділері қарсы алды. Өзінің ұсталғанын түсінген ер адам қашуға әрекеттенді. Аәтердің шыға берісінде оны «қарабет дәлізі» күтіп тұрды. Белсенділер оның түрін бейнежазбаға түсіріп, мүмкіндігінше көп адам оның кім екенін білуі үшін кадрларды желіге жариялады.
Жаңа адамдар Қазақстандағы әрбір бала қауіпсіздікте болмайынша тоқтамайтынын айтады.
Қазір іс бойынша барлық материалдар, хабарламалар мен байланыстар құқық қорғау органдарына берілді. Полиция қызметкерлеріне бұл эксперименттің өткізілуі туралы алдын ала ескертілді.