Жаңалықтар
«Ел арна» мен «Хабар» телеарналары біріктірілді

Оның айтуынша, «Ел арна» мен «Хабар» телеарналарын біріктіру туралы стратегиялық шешімді Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «отандық медиа кеңістігіндегі қарқынды өзгерістерді ескере отырып және мемлекеттік ресурстарды оңтайландыру мақсатында» қабылдаған.
Отандық медиакеңістіктегі қарқынды өзгерістерді ескере отырып және мемлекеттік ресурстарды оңтайландыру үшін «Eл арна» және «Хабар» телеарналарын біріктіру туралы стратегиялық шешім қабылданды. Бұл қадам, ең алдымен, отандық телекомпаниялардың жұмыс тиімділігін арттыруға және қазақстандық контент аудиториясын кеңейтуге бағытталған.
«Eл арна» және «Хабар» телеарналарын біріктіру 2025 жылдың 1 мамырына дейін аяқталады. «Eл арна»-ның барлық құнды контенті «Хабар» арнасының эфиріне өтеді. Бұл үздік жобалардың сақталуына, оларды кең аудиторияға қолжетімді етуге және одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
«Eл арна» телеарнасы отандық көркем және деректі фильмдер, сериалдар, сондай-ақ мәдени-ағартушылық бағдарламалар көрсетілетін платформа ретінде маңызды миссия атқарды. Біз бұл арнаның ұлттық кинематография мен телевизияның дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз.Аида Балаева
Zakon.kz жазғандай, Мәдениет және ақпарат министрлігі «Eл арна» телеарнасының ұжымына көпжылдық еңбектері, кәсібилік пен отандық медиа кеңістікті дамытуға қосқан үлестері үшін шынайы алғыс білдіреді. Қайта ұйымдастыру процесі барысында барлық қызметкерлер «Хабар» агенттігіне жұмысқа орналастырылады. Жалақы деңгейі сақталып, олардың тәжірибесі мен білімі жаңа жобаларда сұранысқа ие болады.
«Eл арна» телеарнасының бағдарламаларын өндіру және таратуға бөлінген қаржы «24KZ» және «Хабар» сияқты стратегиялық маңызды телеарналардың контентін күшейтуге және техникалық базасын уақтылы жаңартуға қайта бөлінеді.