Жаңалықтар

Елбасының құрметі

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Қазақстанның мемлекет қайраткері. Қазақстан қауіпсіздігі кеңесінің төрағасы, 2019 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстан конституциялық кеңесінің мүшесі.

«1-Желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні» атты танымдық іс-шара , Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Елбасы –  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне,   «ZOOM»  онлайн платформасында өткізілді.

Танымдық іс-шара –  Қазақстан Республикасының Әнұранының шырқалуымен басталып, Елбасның өмір-баяны  жайлы қысқаша видеоролик  арқылы  өз жалғасын тапты Іс-шара барысында студенттер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірімен және еңбек жолымен толық танысты. Іс-шараның негізігі мақсаты – Нұрсұлтан Нзарбаевтың  Қазақстан Республикасының өрлеп- өркендеуіне тигізген мол әсері мен ерен еңбегін дәріптеу және Мерекенің шығу тарихымен студеттерді таныстыру болды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Қазақ ССР-ның Алма-Ата облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында (қазір Қазақстан Республикасының Алматы облысы Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылы) дүниеге келді.

1967 жылы Назарбаев Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы ЖТОО-ны бітірді.

1960-1969 жылдары Қарағанды металлургиялық комбинатында жұмыс істеді. 1969-1979 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партиялық, комсмолдық қызметте болды және Қарағанды облыстық партия комитетінде еңбек етті.

1979-1984 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитеті хатшысы болды.

1984-1989 жылдары Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

1989-1991 жылдары – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы. 1990 жылдың ақпан-сәуір айларында Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің төрағасы қызметін қатар атқарды.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда алғашқы жалпыхалықтық президенттік сайлау өтіп,  Назарбаев сайлаушылардың 98,7% қолдауына ие болды.

            1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Бұл күннің шығу тарихына шолу жасар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасы мен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілегенеді. Өйткені 1991 жылы 1 желтоқсанда қазақ елі өзінің тұңғыш президентін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлады. Осыған орай аталған Заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген  зор еңбегі танылған болатын.

Мұндай мереке тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемдік тәжрибеде бар процесс.  Мәселен АҚШ-та ақпан айының үшінші дүйсенбісі Президент күні. Аталмыш мереке 1855 жылдан бері АҚШ-та жалпы ұлттық деңгейде аталып өтеді. Бұл мереке АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның құрметіне арналған. Бұл американдықтардың ертеден тойланып келе жатқан мерекелерінің бірі. Оның тарихы 1782 жылдан бастау алады. Дәл сол жылы Вирджиния штатындағы Ричмонд қаласында 1732 жылдың 22 ақпанында дүниеге келген Джордж Вашингтонның туған күнін көпшілік тұңғыш рет атап өткен болатын. АҚШ мемлекетінің бастауында тұрған, оның негізін қалаған, елдің тұңғыш мемлекет басшысы болған, елдегі демократиялық институттар мен қағидаларын қалыптастыруға айрықша еңбек сіңірген Джордж Вашингтонның туған күні – 22 ақпан бұл елде Президент күні ретінде аталып, 1885 жылы 22 ақпан Вашингтон күні деген атауға ие болған ұлттық мереке ретінде жарияланды. Американдықтар 1809 жылдың 12 ақпанында дүние есігін ашқан Авраам Линкольнді де қатты қадір тұтатындықтан, 1970 жылдары осы екі айтулы датаны біріктіріп, ақпан айының үшінші дүйсенбісін Президенттер күні ретінде атап өту қолға алынды. Президент Ричард Никсон дәл осы күні АҚШ-тың барлық президенттерін еске алуды ұсынды, сондықтан бұл елдің анықтамалықтарында аталмыш мереке Вашингтонның және Линкольннің туған күндері және Президенттер күні ретінде көрсетілген.

Исландия елінде бұл күн 14 мамырда тойланады. Мемлекеттің бесінші әрі қазіргі президенті Олавура Рагнара Гримссонның құрметіне мемлекеттік дәрежеде мерекеленеді.  Өзіміздің бауырлас ел Түркия Республикасында 19 мамыр «Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күні». 1919 жылы 19 мамырда тәуел­сіздік үшін күрескен ұлттық қоз­ғалыстың көшбасшысы Мұстафа Кемал Ататүрік Самсунға келіп, шетелдік интервенцияға қарсы мобилизация жариялаған болатын. Түркия тарихында бұл күн – азаттық үшін күрестің басталған күні.

Студенттер Елбасының өмір-баяны жайлы ақпараттармен қоса  , мерейлі меркенің шығу тарихыменде толық таныс болды.  Іс-шара барысында берілген құнды ақпарат бойынша, студенттерден кері байланыс ретінде  «Елбасы ол…»  атты ,  еркін ой алмасу алаңы ұйымдастырылды.  Танымдық іс-шара Елбасының құрметіне арнап ұйымдастырушылар орындаған өлең-шумақтарымен аяқталды.

 Аушенова Айдана Сабитовна

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close