
ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының Үшқоңырдағы серуендеген сәті бейнеленген видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасы баспасөз қызметінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған видеодан Қазақстанның Тұңғыш Президенті тау бөктерінде серуендеп келе жатып «Үшқоңыр» әнін айтқанын көруге болады.
«Көптеген елдерді араладым… Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…», — деп жазады Нұрсұлтан Назарбаев.
https://www.instagram.com/p/B1X0jf_nMsN/?utm_source=ig_web_copy_link