Жаңалықтар

Елде 258 мың жұмыссыз жүрген адамға 95 млрд теңге төленді

Елімізде 258 мың жұмыссыз жүрген адамға 95 млрд теңге төленді. Оның ішінде 240,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлады qandastar.kz.

Заң бойынша, 1–6 айға дейін жұмыстан айырылған азаматтарға ай сайынғы табысының 45%-ына тең әлеуметтік төлем қарастырылған.

Төлем алу үшін жұмыстан босатылған адам eGov.kz арқылы тіркеліп, «Жұмыс іздеуші» қызметіне өтініш береді. Жүйе бір күн ішінде бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі.

МӘСҚ қаражаты есебінен төлем жұмысынан шығу себептеріне қарамастан жүргізіледі және ол азаматты жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.

Back to top button