Танымал блогер Елдос «Колобок» баласының бесік тойын ерекше форматта дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Ол тойдағы ерекше сәттерден видеолар жариялады.
Ол әнші досы Серік Ибрагимов, әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен актер Жанболат Найзабековпен бірге «Ұлыма ақыл» әнін орындап, тойдың шымылдығын ашты.
Колобок бұл күнді 10 жыл күткенін айтып, жантебірентерлік жазба жариялады.
«Осы күнді 10 жыл күттім! Аллаға шүкір, осы күнге жеттік! Баршаңызға мың алғыс! Құттықтауларыңызға рахмет», – деп жазды ол.
Ол сәбиіне Әлем деген есім берген. Тойда да дәл осы лақап атпен танылған әнші, 91 тобының мүшесі Alem (Батыр Мәліков) ән шырқап, өнерін көрсетті. «Әлемнің тойында Әлем ән шырқап жүр» деген сәт көпшіліктің көңілін босатты.
Бесік тойдың тағы бір назар аударатын сәті – ерекше тойбастар.
Даяшылар әр үстелге тойбастарды балалар арбасына салып алып шықты. Бұл «Әр шаңыраққа сәби сүю бақыты бұйырсын» деген ниетпен ұйымдастырылған екен. Блогер де бұл ойдың бұрыннан армандағанын жазды
«Осы тойды армандағанымда, тойымда «тойбастарды» дәл осылай шығарамын деп қиялдайтынмын. Аллаға шүкір, арманыма жеттім. Осы видеоны көріп отырған баршаңызға той жұғысты болсын», – деп жазды блогер.
Еске сала кетейік, блогер Елдос Қадірханов пен жұбайы Таңшолпан 9 жылдан кейін алғаш рет ата-ана болды. Сәбилерін 10 жыл күткен.



