Елдос «Колобок» атымен танымал әзілкеш Threads әлеуметтік желісінде жазба жариялаймын деп елдің қызу талқысына қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Неге әкімге аяқ астынан халық немесе журналист сұрақ қойғанда оның жауабын қағаздан қарап оқиды? Әлде аяқ астынан қойылған сұрақ емес пе? Сұрақ қоятын адамды дайындап қояды ма микрафон түбіне?» — деп жазды блогер.
Әкімдердің жұмысына назар аударған блогерге желі қолданушылары сын айтты.
«Керім елге көмегі тигендей біреуге пікір қалдырғаны ше», «сенің де елге пайдаң шамалы ғой!», «олар не үшін дайындалу керек?» сынды пікірлер жазылып жатыр.
Кейбір желі қолданушылары өз өңірінің әкімі мұндай әрекетке бармайтынын да жазуда.
«Басқа әкімдерді білмеймін, біздің Шымкенттің әкімі ондай емес», — дейді бір оқырман.



