Даңқты дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ұзақ уақыттық үзілістен кейін қайтадан оқу-жаттығу жиындарына кірісті, деп жазады qandastar.kz.
Спортшы бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Біз оқу-жаттығу жиынына тыңғылықты түрде кірістік», – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Елдос Сметов 2024 жылғы Париж Олимпиадасында жеңіске жеткеннен кейін татамиге шықпаған еді.
Сметов – Қазақстан тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы.



