Әлем жаңалықтары

Елдос Сметов: Жетістігіме діннің тікелей қатысы бар

Фото: ашық дереккөз
Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов өз туған жерінде ұлықтау кезіндегі аста жеңісіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Олимпиада кезінде дұғалардың қабыл болғанын сезіндім. Себебі қарсыластарыммен шыққан кезде олар менің көзіме кішкентай болып көрінді. Оларды ұстасам, бұрап тастайтын сияқты болдым. Алла сонда олардың мысын басып қойды. Алла Тағала бізге бонус ретінде берген. Ата-ананың қадірін түсіну керек, аман болсын», — дейді Елдос Сметов.

Оның сөзіне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Басым бөлігіне бұл сөзі ұнамаған.

«Дінмен жеңетін болсақ, арабтар неге бүкіл спорттан әлем чемпионы болмайды. Мақтаншақ екен, ер жігіт аз сөйлеп, өзін ұстай білуі керек. Діннің спорттағы жетістікке еш қатысы жоқ. Қызумен артық әңгіме айтып кетпеші, сақ бол. Қостанайға имам қылып жіберу керек», — деп жазған олар.

Еске салсақ, Елдос Сметов Париж олимпиалдасында 60 келі салмақта дзюдодан чемпион атанды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close