Жаңалықтар

Елдос Сметовке Астанадан үш бөлмелі пәтер берілді

Фото: ашық дереккөз

Елдос Сметов бұл туралы өзінің әлеуметтік парақшасында бөлісті, деп хабарлайды  qandastar.kz.

«Құрметті қазақ елі. Бүгінгі таңда ҚР Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек ағамыз Олимпиададан алған жүлдеміз үшін марапаттап, өзінің құрметін көрсетті. Жеке басымнан Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев мырзаға жеке алғысымды білдіремін. Осы Олимпиада ойындарына барғанда маған үлкен сенім артқан, менің қандай да бір нәтиже көрсетуіме жауапкершілікті өзінің мойнына алған, үнемі қолдау көрсетіп, бірге жұмыс істеген жеке бапкерім Ғалымжан Жылгелдиевке өзімнің рақметімді айтқым келеді. Осы уақытқа дейін мені қолдап жүрген ҚР Туризм және спорт министрлігіне алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қатар, министрліктің басшысы Ербол Қуантайұлы ағамызды жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймын. Осы жолда маған көрсеткен қолдауларыңыз үшін ерекше алғыс! Алдағы уақытта жетістіктеріміз мол, жеңісті күндеріміз көп болады деп сенемін. Мемлекетіміздің көк байрағы желбіреп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деп жазды Елдос Сметов.

Айта кетейік, Елдос Сметов –  Париж Олимпиадасының жалғыз алтын медаль иегері.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close