Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайда турнирде Олимпиада чемпионынан басым түсті, деп жазады qandastar.kz сайты Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
World Tennis Continental Cup қорытынды матчта Рыбакинаға қарсы 2020 жылғы Токио олимпиадасының чемпионы Белинда Бенчич шықты. Екі сетке созылған кездесу Еленаның пайдасына шешілді. Есеп — 6:3, 6:4.
Рыбакина осымен биыл жекелей сындағы соңғы кездесуін өткізді. Ал осы турнирде тағы жұптық сында бақ сынайды. Атап айтқанда, ресейлік Андрей Рублевпен бірге монаколық Валантен Вашеро және поляк Ига Швентектің жұбына қарсы шығады.
Айта кетсек, биыл теннистен құрлықтық турнир биыл алғаш рет Шэньчжэнь қаласында өтіп отыр. Елена Рыбакина әлем құрамасының атынан келді. Онымен бірге командаға ресейлік Андрей Рублёв, сондай-ақ, қытайлық теннисшілер Чжан Чжичжэнь мен Ван Синьюй кіреді.
Әлем құрамасы Еуропа командасына қарсы ойнап жүр. Оның құрамына Белинда Бенчич, польшалық Ига Швёнтек, итальяндық Флавио Коболли мен монаколық Валентен Вашеро кіреді.



