Жаңалықтар

«Елес велосипед»: Ақтөбеде полицей қаққан ерлі-зайыптыға ескерткіш қойылды

Фото: Qumash инста парақшасынан алынды

Ақтөбе облысында қаза тапқан ерлі-зайыптыларға арналып «Елес велосипед» орнатылды, деп хабарлады qandastar.kz.

Ақжар ауылы маңындағы трасса бойында өткен жылы жол апатынан қаза тапқан ерлі-зайыпты Шыңғыс пен Динараны еске алу мақсатында туыстары мен белсенділер арнайы белгі қойды.

Ерлі-зайыптыларды қызметтік көлікпен полицей қағып, оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Сот үкімімен ол 9 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды. Қайтыс болғандардың артында екі бала қалған. Ескерткішті орнату жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың қолдауынсыз, қоғамдық күшпен жүзеге асырылды.

Айта кету керек, «Елес велосипеді» әдетте жол апатынан қайтыс болған велосипедшіге жол бойына мемориал қойылады. Велосипед ақ түске боялып, онда апат күні мен зардап шеккен адамның аты-жөні жазылған тақтайша ілінеді. Бүгінде дүние жүзінде 210 жерде 630-ға жуық мемориал бар.

Back to top button