Жаңалықтар

Еліміз Қысқы Олимпиада ойындарының дайындығына 13,3 миллиард теңге жұмсады

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-Д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV Қысқы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың дайындық барысы туралы баяндады, деп жазады qandastar.kz сайты Ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

Министр Ербол Қуантайұлы жарысқа 93 елден 3 мыңға жуық спортшының қатысуы жоспарланып отырғанын атап өтті. Барлығы 116 марапаттар жиынтығы ойналады. Қазақстанның ұлттық командасы 10 спорт түрі бойынша 58 медалға таласады.

Ойындарға сапалы дайындалу үшін ұлттық қысқы спорт түрлері командалары 178 оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Сондай-ақ біздің спортшылар 125 халықаралық жарысқа қатысты. Қаржы көлемінің жалпы сомасы 13,3 миллиард теңге, – деді Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button