Қаржы және төлемдер

Елімізде ақшаны «Отбасы банкінде» ғана емес, өзге де банктерде жинауға мүмкіндік берілмек

Фото: ашық дереккөз

Енді ақшаны «Отбасы банкінде» емес, өзге де банктерде жинауға мүмкіндік берілмек. Яғни арнайы тұрғын үй депозиттері ашылмақ, – деп хабарлайды qandastar.kz

Қаржы нарығын дамыту агенттігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осындай бастама көтеріп отыр. Өзгерісті заңмен бекіту жоспарда бар.

Егер ұсыныс қолдау тапса, онда кез келген банктен ипотека алуға мүмкіндік туады.

Осы мәселені депутаттар да көтерген. Олар нарықты бір «Отбасыға» байламай, бірнеше банкке бөлсе, бәсеке болады. Әрі халық өзіне тиімді ипотеканы рәсімдей алатынын айтып отыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close