ЖаңалықтарЖұмыспен қамту

Елімізде әскери қызметке қабылдауды цифрландыру қолға алынбақ

Енді келісімшарт бойынша әскер қызметке қабылдану үшін үйден шықпай-ақ орналасуға болады, деп хабарлайды  qandastar.kz.

Бұл жобаны Қорғаныс министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

Жұмысқа тұруға өтініш бергісі келген үміткер армиядағы бос жұмыс орындарын тауып, оған арнайы сервис арқылы құжат тапсырады. Өтінімге ЭЦП көмегімен қол қоюға болады.

Содан кейін жұмысқа қатысты хабарламаларды СМС арқылы біліп отырады.

Егер Қорғаныс министрлігі өтінішті алдын ала мақұлдаса, үміткер туралы деректер осы адам тұратын аймақтың медициналық комиссиясына беріледі. Онда ол тексерістен өтеді.

Егер іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өтсе, Қорғаныс министрлігі үміткерге электрон қолтаңба арқылы қол қоя алатын келісімшарт жасасу туралы келісімді жібереді.

Бұйрық жобасы 1 шілдеде жарияланған, оны талқылау 16 шілдеге дейін жалғасады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close