Білім
Елімізде балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды
Фото: ашық дереккөз
Елімізде мектепке дейінгі білім беруді қолжетімді ету және оның сапасын арттыру мақсатында балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды, деп хабарлайды qandastar.kz
Жаңа өзгеріс бойынша ата-аналар баласына балабақшаны өзі таңдай алады және баланың білім алуына қажетті қаржы мемлекеттен тікелей мектепке дейінгі ұйымға емес, баланың артынан таңдалған мекемеге берілетін болады.
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай механизм жекедегі және мемлекеттік балабақшалар арасында бәсекелестік қалыптастыруға бағытталған. Өйткені олардың басшылығы мүмкіндігінше көбірек бала тарту үшін білім беру сапасын арттыруға және білікті тәрбиешілерді жұмысқа алуға мәжбүр болады.
Қазіргі уақытта бұл механизм Қазақстанның төрт қаласында – Таразда, Шымкентте, Түркістанда және Оралда пилоттық режимде енгізілген. Алдағы уақытта оны бүкіл ел бойынша масштабтау жоспарлануда.