Жаңалықтар
Елімізде газ бағасы қымбаттады
Фото: inbusiness.kz
Енді тауарлық газдың құны біртіндеп өсе береді, – деп хабарлайды qandastar.kz atamekenbusiness телеграм арнасына сілтеме жасап.
Мұны да Энергетика министрі айтты.
Сөзінше, бүгінде тауарлық газдың орташа құны 1000 м3 үшін – 33 169 теңге.
Ал бекітілген көтерме бағасы – 23 646 теңге.
“Газ саласына инвестициялар тарту және тауарлық газдың өзіндік құнына қол жеткізу мақсатында халық үшін бағаның күрт өсуіне жол бермеу есебімен, газ бағасын кезең-кезеңімен көтеру талап етіледі. Мәселен, 1 шілдеден бастап еліміздің ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы қайта қаралып, орта есеппен 14,6% ұлғайды”, – деді Сәтқалиев.
Жалпы Үкімет үш жылда ішкі нарыққа газ сатуда шығынға ұшырамаудың қамын жасап жатыр.