Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Елімізде көмірді өңдеу арқылы экономикаға қажетті тауарлар шығарылмақ

Фото:

Елімізде көмірді терең өңдеу арқылы полипропиленнен бастап, дәрілік заттарға дейін 200 тауар шығарылмақ, деп жазады qandastar.kz

Шетелдік инвесторлар осы салаға қызығушылық танытып, инвестиция салуға ниетті.

Бүгін әлемдік инвестиция тақырыбында өтіп жатқан жиында осыған және өзге де салаларға қатысты құжаттарға қол қойылмақ. Жалпы 7 млрд долларға 32 жоба іске асырылмақ.

“Инвесторлар көбіне қайта өңдеу саласына қаражат салып жатыр. Көмірді терең өңдеу арқылы 200-ден астам экономикаға қажетті тауарлар шығармақ. Соның ішінде полипропиленнен бастап, дәрі дәрімекке дейін алатын болады.

Сондай-ақ бидайды терең өңдеу арқылы 260-тан астам тауар түрі шығарылады. Осылайша елімізде қайта өңдеу саласына күш салатын боламыз”, — деді Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов.

Спикердің сөзінше, жобалар алдағы екі-үш жылда толық іске қосылады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close