Жаңалықтар
Елімізде мемлекеттік тапсырыс арқылы кадрларды дарялауға болады
Фото: Павел Михеев
Қазақстанда кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды qandastar.kz
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024-2025 оқу жылына 94,2 мыңнан астам грант бөлінді.
- 78,2 мыңнан астам грант бакалавриатқа,
- 13,1 мыңы магистратураға,
- 2,9 мыңы докторантураға.
«Жаңадан құрылған және халық тығыз қоныстанған облыстардың, батыс өңірлердің жастарына жыл сайын 5 мың нысаналы білім беру гранты бөлінеді»,- делінген ақпаратта.
Сурет: primeminister.kzБайқау қорытындысы бойынша оқу грантының иегерлері:
- 412 жетім бала,
- 382 мүгедектігі бар жан,
- көпбалалы отбасындағы 3,5 мың астам бала,
- толық емес отбасындағы 933 бала,
- мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы 437 бала.
Сурет: primeminister.kz
Сондай-ақ, биыл қабылдау рәсімін өзгерту нәтижесінде 1,6 мыңнан астам этникалық қазақтар білім гранттарын алды.
Бұған дейін Сейілбек Нұрымбетовтың Су ресурстары министрлігі комитетінің төрағасы болып тағайындалғаны хабарланған болатын.