Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Елімізде президент сайлауы өтетін күн өзгеруі мүмкін

Бүгін елордада Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Конституциялық комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Конституцияға ұсынылатын өзгерістерді айтты.

Министрдің айтуынша, Қазақстан президентінің сайлауы өтетін күнге қатысты Конституцияның 41-бабына өзгеріс енгізу ұсынылып отыр.

Қазір құжатта президент сайлауы өтетін күн желтоқсан айының бірінші жексенбісі деп көрсетілген.

Ал ұсынылған өзгеріске сәйкес, президенттің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімінің аяқталуына кемінде 2 ай қалғанда өткізіледі деп белгіленеді.

«Конституцияның 41-бабы Президенттің кезекті сайлауын тағайындау және өткізу тәртібін реттей отырып, жоғары мемлекеттік биліктің жаңарып отыруына қатысты конституциялық шеңберді белгілейді. Қолданыстағы редакциядағы Конституцияда сайлауды өткізу күні нақты бекітілген, яғни, желтоқсан айының бірінші жексенбісі деп көрсетілген. Мұндай норма әртүрлі, объективті мән-жайларды ескеруге мүмкіндік бермейді әрі өкілеттік мерзімінің аяқталуы мен сайлау күні арасындағы мерзімдік айырмашылықтың туындауына әкеп соғуы мүмкін. Осыған байланысты Конституцияның 41-бабында Президенттің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімінің аяқталуына кемінде 2 ай қалғанда өткізіледі деп көзделеді», — деді Ерлан Сәрсембаев.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button