Жаңалықтар

Елімізде сора өсімдігін өсіруге ресми рұқсат етілді

 

Елімізде сора өсімдігін өнеркәсіптік мақсатта өсіруге рұқсат етілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылдың 22 қыркүйегінде қабылданған №780 қаулысына сәйкес, есірткі жасауға арналмаған, тек өндірісте қолданылатын арнайы сорттар ғана егіледі, деп хабарлайды qandastar.kz.

«Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қоса беріліп отырған есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сорттары бекітілсін, – делінген ресми құжатта.

Бұл шешім тоқыма, құрылыс және басқа да өнеркәсіп салаларында шикізат ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Back to top button