Жаңалықтар

Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы құрықталды

Фото: ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігі 8-10 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірінде кең ауқымды операция жүргізді,  деп хабарлайды qandastar.kz

Тексеріс нәтижесінде тұтыну кооперативінің атын жамылған Asar Baspana қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылған.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын, сондай-ақ, тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30 пайызына дейін пайда табуға уәде берген.

ҚМА мәліметінше, компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден аса сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 көлік тәркіленген.

«Қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысы ұсталып, оларға сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады. Соталды тергеу жалғасып жатыр», — деп жазылған хабарламада.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close