Жаңалықтар

Елімізде танымал Мәскеу  институтының филиалы ашылады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» атты конференцияда айтты, деп хабарлайды qandastar.kz.

Президент Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы достық байланыстарды нығайтуда білім саласының маңызы зор екенін атап өтті. Сөзінше, қазір Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент оқиды.

«Бүгінде елімізде Ресейдің танымал жоғары оқу орындарының филиалдары табысты жұмыс істеп келеді. Қазақстанда Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалын ашу жоспарланып отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиынға Қазақстан мен Ресейдің көрнекті ғалымдары, дипломатиялық қызмет ардагерлері, мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары, саясаттанушылар және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close