Жаңалықтар

Елімізде тозған автомобильдер көбеюі мүмкін – министр

Фото: elements.envato.com

Ресей Федерациясында утильалымның қымбаттауынан Қазақстанда тозған автомобильдер көбеюі мүмкін. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шарлапаевтың сөзінше, Ресей утильалым құнын көтеруге кіріскен.

«Қырғыз Республикасы Chevrolet Cobalt және Onix көліктерін өндіретін желіні іске қосты. Енді олар да утильалым енгізбек. Қазақстан утильалым мен алғашқы тіркеу мөлшері бойынша көрші елдерден қалып қойды. Мұны да түсіну керек», – деді министр Үкімет отырысының соң.

Қанат Шарлапаев Ресейде утильалымның қымбаттауы отандық көліктердің бағасына әсер етпейді, алайда тозған автомобильдердің саны артуы мүмкін деген ұстанымда.

«Бағаның айырмашылығынан елімізде тағы ескі көліктер көбеюі мүмкін. Бұл экологияға, жолдағы қауіпсіздікке әсер етеді. Осындай тәуелекел бар. Ресейден елімізге тозған көліктер (автохлам) ағылса, қазақстандықтарға жолда жүру қауіпті бола түседі», – деді ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close