
Фото: egemen.kz
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында Шымкент қаласындағы түзету мекемелерінде жазасын өтеуші 655 адам босап шығуы мүмкін, деп хабарлайды qandastar.kz.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, қазіргі таңда қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот 185 адамның ісін қарады. Соның ішінде 88 адам жазадан толық босатылды. 97 адамның жазасы қысқартылды.
– Аталған заң – еліміздің қылмыстық және қылмыстық-атқару саясатын ізгілендіруге бағытталған маңызды қадам. Ол азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға айрықша мән беріп, әділеттілік пен адамгершілік қағидаттарын басшылыққа алады, – делінген хабарламада.
Айта кету керек, жалпы алғанда, ел бойынша 15 мыңға жуық сотталған адам рақымшылыққа ілігуі мүмкін.