Жаңалықтар

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үш есе өскен

Фото: stan.kz

Биылғы жылдың сегіз айында тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейі үш есе өскен, – деп хабарлайды qandastar.kz

Статистика бойынша елімізде 1,6 мың қылмыстық құқық бұзушылық орын алса, оның 628-і ұрып-соғу фактілері. Жоғары көрсеткіш отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейтумен байланысты болуы мүмкін.

Еске салайық, биыл «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды. Оның басты мақсаты –  зорлық-зомбылықтың кез келген әрекеті үшін жауапкершілікті күшейту, отбасы институтын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Атап айтқанда, қазір денсаулыққа қасақана орташа және ауыр зиян келтіргені үшін тек 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ал бұрын айыпталушының бостандығы тіптен шектелмеуі мүмкін еді.

Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру туралы бап та қатаңдатылды. Қылмыскерге 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу көзделеді. Сонымен қатар қазір бұл қылмыс үшін әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осы қылмыс ауырлататын мән-жайлар болған кезде 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салуды не 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе шектеуді көздейді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close