Жаңалықтар
Елімізде үш кассациялық сот құрылады
Қос палата отырысында сот жүйесіне қатысты қаралған заң жобасының басты жаңалығы осы,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Маңызды құжатты жасақтаған жұмыс тобы «бұл азаматтардың сотқа деген сенімін арттыратын жаңа модель» деп түсіндіреді.
Кассациялық орган толық тәуелсіз болады. Үшеуі де Елордада құрылады.
Қылмыстық
Азаматтық
Әкімшілік
істер бойынша бір бірінен бөлінген үш кассациялық сот болады.
Соттардың өңірде емес, Астанада оқшаулаудың қисынды негіздемесі бар. Бұл үш жаңа сот және олардың судьялары жергілікті биліктің, бизнестің не күштік құрылымдарының ықпалына түспейді. Яғни ешкімнен қорықпай, әділ үкім шығара алады.
Кассациялық соттар ішкі резерв есебінен құрылуы мүмкін. Қазір 300-ден астам бос жұмыс орны бар.
Жаңа модель 2025 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап іске қосылады.