Жаңалықтар

Елімізде жаңа кәсіби мерекелер пайда болады

Фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы бұйрығымен кәсіби мерекелер тізбесіне өзгерістер енгізілді, – деп хабарлайды qandastar.kz

Тізімге мынадай жаңа кәсіби мерекелер қосылды:

  • Қаржы мониторингі органдары күні – 28 қаңтар.
  • Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні – шілденің бірінші жексенбісі.
  • Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні – қыркүйектің екінші жексенбісі.
  • 2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні.
  • Автокөлік қызметкерлері күні – қазан айының соңғы жексенбісі.
  • Жол саласы қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі.
  • Бухгалтерлік есеп және аудит қызметкерлерінің күні – 10 қараша.
  • Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің күні 13 желтоқсан.

Сонымен қатар тамыз айының бірінші жексенбісінде атап өтілетін Көлік қызметкерлері күні мерекесі Теміржол көлігі қызметкерлері күні болып өзгертілді.

Тізімнен шығарылған мерекелер:

  • Ұлттық баспасөз күні – 2 ақпан;
  • Радио күні – 1 қазан.

Бұйрық 2025 жылдың 3 ақпанынан бастап күшіне енеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close