Жаңалықтар
Елімізде жаңа мереке пайда болады
Фото: ашық дереккөз
3 қыркүйекті тазы мен төбет сынды қазақ ит тұқымдарының күні етіп бекіту ұсынылды, деп хабарлады qandastar.kz
Бұл бастаманы экология министрлігі көтерді. Бұйрық «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
«Тазы мен төбет – қазақтың байырғы ит тұқымдары, қазақ халқының мақтанышы, «Жеті қазына» бірі. Тазы адамның аң аулаудағы таптырмас көмекшісі, сонымен қатар төбет – ата-бабаларымыздың отары мен мүлкін қырағы қорғаушысы. Бұл тұқымдар біздің тарихымызбен байланысты және олардың шығу тегі ғасырлар қойнауынан бастау алады», – делінген министрліктің құжатында.