Әлеумет және қоғам

Елімізде жеке куәлік жасатуда жаңа өзгеріс бар

Фото: ашық дереккөз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан хабарланғандай, 2025 жылдан бастап елде айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеге өсті, деп хабарлады qandastar.kz

Осыған байланысты мемлекеттік құжаттарды дайындау құны да өзгерді.

Төлқұжат жасату құны:

  • 24 парақ – 4 АЕК, яғни 15 728 теңге (16 жасқа дейінгі балалар үшін);
  • Қолданыстағы 36 парақ төлқұжат құны 8 АЕК яғни, 31 456 теңгеге өседі.
  • 48 парақ – 12 АЕК, яғни 47 184 теңге (ересектерге) болады.

Төлқұжат өтінім берген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде дайындалады. Бірақ ел азаматтары қосымша ақы төлеп, төлқұжатты тезірек ала алады.

Жеке куәлік жасату құны:

Тұрғындар жеке куәлік жасату үшін 0,2 АЕК немесе 786,4 теңге төлеуі керек. Бірақ жеке куәлігін жоғалтып, бір жыл ішінде екі реттен артық жасатса, 1 АЕК немесе 3 932 теңге төлеуге мәжбүр болады.

Жеделдетіп әзірлеу:

Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін: 1 жұмыс күнінде әзірлеп беру – 3 372 теңге, 3 жұмыс күнінде дайындап беру үшін – 1 771 теңге.

Облыс орталықтары үшін: 3 жұмыс күні – 3 372 теңге. 5 жұмыс күні – 1 771 теңге.

Аудандар мен облыс қалалары үшін: 7 жұмыс күні – 605,31 теңге.

Еске салайық, «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы заңға сәйкес, биыл 1 айлық есептік көрсеткіш (АЭК) 3932 теңге болып бекітілді. Өткен жылы 1 АЭК 3692 теңге болған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close