Жаңалықтар
Елімізде жерлеу және зираттарға күтім жасау ережелері өзгерді
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың үкіміне сәйкес, елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, бірақ сонда қайтыс болған адамды жерлеу үшін кемінде 6 шаршы метр жер телімі тегін бөлінуі тиіс.
Ережеге сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның әкімдігінің зираттарға қатысты міндеттері белгіленді:
Бейіттерге арналған жер учаскелерін есепке алу және деректерін жинақтау;
Жерлеу, зираттарды күтіп-ұстау және оларға қызмет көрсету туралы шарттардың сақталуын бақылау;
Жергiлiктi атқарушы органның сайтында және мемлекеттiк кадастрлық картада бос жатқан зират учаскелерi туралы өзектi ақпаратты орналастыру.
Сондай-ақ қай кезде мәйітті қайта жерлеуге болатыны айтылды:
Зиратты немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою кезінде;
Қазақстан немесе одан тыс жерлерде қайта жерлеу үшін жеке қабірлердің қалдықтарын тасымалдау кезінде.