Жаңалықтар

Елімізде жол жүру ережесі өзгереді

Фото: Айкын.кз

Заң жобасы 15 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады, – деп жазады Aikyn.kz.

Жаңа өзгерістер электромобильдер мен олардың иелеріне қатысты:

— электр қозғалтқышымен жабдықталған және қозғалатын, батареялардан энергия алатын және тек сыртқы электр энергиясы көзін пайдалана отырып зарядталатын механикалық көлік құралдарына «электромобиль» ұғымы енгізілді;

— электрлі автокөліктер қоғамдық автотұрақтар мен паркингтерде тұрақ ақысын төлеуден босатылады;

— көлігін зарядтау мақсатынсыз электр көліктері зарядталатын орындарда тұраққа қойғандарға айыппұлдар енгізіледі;

GAZ және «электромобиль» сәйкестендіру белгілеріне қойылатын талаптар «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына сәйкестендірілді», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ жаңа ережеге сәйкес, D санатындағы (қоғамдық көлік) жүргізуші куәлігін алу талаптары жеңілдетіледі. Жүк көліктерінің елді мекендерде рұқсат етілген жылдамдығы 50 шақырым/сағ дейін төмендетілмек.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close