Жаңалықтар
Елімізде «жұмыссыздық бойынша жәрдемақы» деген ұғым неге қарастырылмаған?
Фото: ашық дереккөз
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғандықов 2024 жылы 1 қарашада журналистермен болған кездесуде жұмысынан айырылған жағдайда кімдер мемлекет көмегіне жүгіне алатынын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Дәулет Арғандықов Қазақстанда «жұмыссыздық бойынша жәрдемақы» деген ұғым жоқ екенін атап өтті.
«Жұмысынан айырылуға байланысты әлеуметтік төлемдер қарастырылған, оны мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төлейді… Біз әділеттілік турасын айтып отырмыз, яғни жүйе тәуекелдер туындаған жағдайда «қорғаныш жастығы» ретінде жұмыс істеуі керек, ол сол үшін жасалған. Сондықтан, бұл механизмдер бүгіндері осылай жұмыс істейді. Бұл – өте қалыпты тәжірибе», – деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, мұндай көмекті тек жұмыс істеген, бірақ жұмысынан айырылғандар ғана алады.