Жаңалықтар

Еліміздің бес өңірінде қоғамдық көліктің жұмысы шектелді

Фото: zakon.kz
“Қазгидромет» болжамдарына сәйкес ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты (тұман, бұрқасын, көктайғақ) 5 облыста қозғалыс шектелді, деп хабарлайды qandastar.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында автокөліктің барлық түрлері үшін және республикалық маңызы бар автожолдардың жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалысы жабылды.

Осыған байланысты ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:

  • Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.
  • Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.

Бұған дейін еліміздің тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close