Жаңалықтар

Еліміздің екі өңірінде жер сілкінді

Фото: ашық дереккөз
 15 ақпанда Ресейде жер сілкінісі тіркелді. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да 2-3 баллдық жер асты дүмпулерін сезді, деп хабарлайды qandastar.kz

ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректері бойынша жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 06:48-де болған.

«Жер сілкінісінің ошағы Ресей территориясында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1225 шақырым қашықтықта орналасқан», делінген хабарламада.
Тіркелген есепті жиілік (балл) :

  • Катон – Балқарағай ауылы – 3 балл;
  • Марқакөл ауылы – 3 балл;
  • Үлкен-Нарын ауылы – 3 балл;
  • Алтай қаласы (Зырян) – 3 балл;
  • Боран ауылы – 3 балл;
  • Риддер қаласы (Ленинград) – 2 балл;
  • Зайсан- 3 балл;
  • Күршім – 3 балл;
  • Самар ауылы – 3 балл;
  • Көкпекті – 2 балл;
  • Ақсуат – 2 балл;
  • Қалбатау – 2 балл;
  • Бородулиха – 2 балл;
  • Семей – 2 балл;
  • Жоламан – 2 балл;
  • Мақаншы – 2 балл;
  • Үржар – 2 балл; Аягөз қаласы – 2 балл;
  • Бесқарағай – 2 балл;
  • Қарауыл – 2 балл.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close