Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Елорда күнінде Қазақстанда 448 сәби дүниеге келді

Елорда күні – 6 шілдеде Қазақстанда 448 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Олардың 223-і ұл, 225-і қыз.

Мереке күні елімізде екі егіз өмірге келді. Екі егіз де Астана қаласында дүниеге туған.

Өңірлер бойынша ең көп нәресте Түркістан облысында тіркелді. Мұнда 67 сәби дүниеге келген. Алматы қаласында 44 нәресте өмір есігін ашса, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 сәбиден туған.

Денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметінше, босандыру бөлімдерінің мамандары тәулік бойы жүкті әйелдерге, босанушыларға және жаңа туған нәрестелерге қажетті медициналық көмекті үздіксіз көрсетіп келеді.

Мамандар мереке күні сәби сүйген барлық ата-ананы құттықтап, нәрестелердің аман-есен өсіп, отбасыларына бақ-береке әкелуіне тілектестік білдірді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button