Әлеумет және қоғамЖаңалықтар
Елорда тұрғындары көліктерін автотұрақтарға қашан тегін қоя алады?

Фото: Мәжіліс
Бүгін Мәжіліс қабырғасында осындай мәселе көтерілді. 2018 жылы елорда әкімдігі қалада ақылы автотұрақтар құрып, оны жекеменшік компанияға беру туралы шешім қабылдаған, деп жазды qandastar.kz
Депутат Нартай Сәрсенғалиевтің айтуынша, 2021-2024 жылдары астаналықтар мұндай тұрақтарға 726 млн теңге төлеген, соның 617 млн теңгесі жекенің қалтасына түскен. Мұндай нысандар алдағы уақытта әкімдік қарамағына өтеді. Депутат сол уақытта қоғамдық орындарда көлікті тегін қоюға бола ма деп нақтылады.
atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың сөзінше, әлеуметтік нысандардың жанындағы тұрақтарды тегін пайдалануға болады. Әкімдік басқа орындарға байланысты ұсыныстарды қарастыратынын мәлімдеді.
«Әлеуметтік нысандардың қасындағы тұрақтар тегін. Қазір біз көп ұсыныстарды қарап отырмыз. Басқа да бағыттардағы арнайы нысандардың тегін болуы туралы мәселені өзіміз қарастырамыз», — деді Ерсін Өтебаев.