Әлеумет және қоғам
Елордада Family park тұрғын үй кешені сүрілуде

Фото: ашық дереккөз
Астанада сот шешімімен сақалды құрылыстардың бірі – Family park тұрғын үй кешені сүрілуде. Бұл туралы qandastar.kz хабарлады.
Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Өркен 777» ЖШС құрылысшысының «Family park» объектісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижелері бойынша, бекітілген жобадан ауытқулар анықталып, ол бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
«Алайда тапсырыс беруші нұсқаманың талаптарын орындаған жоқ, осыған байланысты Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданды. Қазіргі уақытта талап арыздың өтініші бойынша талаптар қанағаттандырылды. Бүгінгі күні мемлекеттік сот орындаушысымен бірлесіп заңсыз құрылысты бөлшектеу жұмыстары жүргізілді». Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі