Жаңалықтар
Елордада сауда үйі өртенді

Фото: видео кадрларынан скрин
Астанада Сарыарқа ауданындағы “Шапағат” сауда үйінен өрт шықты. Адамдарға жаппай эвокуация жасалды, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеоларда адамдар сауда үйінің жанып жатқанын, дер кезінде шығып кеткенін айтқан.
Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнында өрт сөндіру қызметі жоғары дәрежедегі өрттің алдые алып жатқанын мәлімдеді.
“Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері адамдарды эвокуациялады. 112 номеріне зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ”, – делінген хабарламада.