Жаңалықтар
Елордада заңсыз салынған тұрғын үй кешендері анықталды
Елордада заңсыз салынған тұрғын үй кешендері анықталды. Ол объектілерге 6 мыңнан астам адам ақша салған, деп хабарлайды qandastar.kz
Күні бүгін құрылыс компанияларына қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр. 12 адам қамауға алынған.
Сот прокурордың құны 7 млрд теңгеден асатын, құрылысы аяқталмаған объектілерді тәркілеу туралы 8 талап-арызды қанағаттандырған.
Салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді заңсыз сатқан 51 құрылыс салушы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 320-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған.
Одан бөлек рұқсат құжатынсыз үлескерлерден ақша тарту арқылы салынған «Qurmangazy» тұрғын үй кешені демонтаждалды.