Жаңалықтар

Елордада заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылады

Фото:Астана әкімдігі

Елорданың Нұра ауданындағы Шыңғыс Айтматов көшесі, 49 мекенжайындағы өз бетінше басталған «Onyx-2» ТК-ның құрылысы тоқтатылды, деп хабарлады qandastar.kz

Елорда аумағында тұрғын үй кешендерін заңсыз салу фактілерін анықтау және жолын кесу Астана қаласы прокуратур.асының үйлестіруімен жүргізіледі.

Тапсырыс беруші нысанда жерге тиісті құқықсыз, заңда белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасыз, техникалық және авторлық қадағалауларды сүйемелдеусіз және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарламасыз құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастаған, бұл өз кезегінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзу болып саналады.

Осылайша, құрылыс салушыларға қатысты Қалалық орта сапасы мен бақылау басқармасы анықталған бұзушылықтарды жою және болдырмау бойынша шаралар қабылдауда.

Еске сала кетейік, нысандарды салу кезінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы сақталуы тиіс.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close