Елордадағы LRT-да әлемге әйгілі гонконгтық-американдық актер Брюс Лидің құрметіне жаңа станция пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Telegram желісіндегі арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алайда LRT баспасөз қызметі бұл мәліметті растамады.
— Брюс Лидің есімі елордадағы LRT-ға еш қатысы жоқ. Әзірге мұндай атау берілген жоқ, — деп хабарлады баспасөз қызметі.



