Жаңалықтар

Елордалық бұрынғы әйелінен тойдан түскен ақшаны сот арқылы қайтарып алмақ болған

Фото: ашық дереккөз

Астанада ажырасқан жігіт бұрынғы зайыбынан той кезінде жиналған ақшаны сот арқылы қайтарып алуға тырысты, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, ер адам мүлікті бөлу ісі бойынша сотқа жүгінген. Ол үйлену тойын өткізу кезінде достары мен туыстары жауапкерге (жұбайына) 5 млн теңге және 1 млн теңге тұратын гауһар тасты жүзік сыйлаған.

Сот зергерлік бұйымдар қалыңдыққа некеге дейін берілгенін анықтап, сондықтан бұл оның жеке меншігі, сол себепті ол бөлісуге жатпайды деп шешті.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 35-бабына сәйкес:

  • ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некеге (ерлі-зайыптылыққа) дейін тиесілі мүлік
  • ерлі-зайыптылардың неке (ерлі-зайыптылық) кезеңінде сыйға тарту тәртібімен немесе өзге де өтеусіз мәмілелер бойынша алған мүлкі ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке меншігі болып табылады.

таспен көмкерілген әшекейлер (сырға мен сақина) мен неке жүзігін бергенін айтты.

«Талап қоюшы жауапкер бұл ақша мен зергерлік бұйымдарды заңсыз иемденген деген уәжді алға тартады. Жауапкер талапты мойындамады. Сот іс материалдарын зерделеп, тараптарды тыңдап, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Себебі, істі қарау барысында сыйға берілген 5 млн теңгені алу фактісі құжатпен расталмады, сондай-ақ аталған қаражатты жауапкердің иемденіп алғаны дәлелденбеді», делінген сот хабарламасында.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close