Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Embraer-190 ұшағының Бразилиядағы арнайы өкілдері Ақтауға келді

Фото: Көлік министрлігі
28 желтоқсанда Ақтау қаласына Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) өкілдері ұшып келді, деп хабарлайды qandastar.kz
«Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның штабында жиналыс өтті, онда бірлескен міндеттер айқындалды», делінген Көлік министрлігі хабарламасында.
Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) – азаматтық авиацияда орын алған авиациялық оқиғаларды тергеумен айналысатын уәкілетті орган.
Айта кетсек, қайғылы оқиға 25 желтоқсанда түсте болды. Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады. Соңғы ақпарат бойынша, 67 адамның 29-ы аман қалды, 38 жолаушы қаза тапты, олардың ішінде ұшақ экипажы да бар.  Ұшақта Қазақстанның алты азаматы болғаны белгілі болды, өкінішке қарай олардың барлығы мерт болды. Апаттың мән-жайын тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. Оқиға орнынан «қара жәшік» табылды, ал ол ұшақты жасап шығарушы – Бразилиядан сарапшылар келгенде бір-ақ ашылатыны айтылған.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close