Жаңалықтар

«Емізулі Ерке күтеді»: Ерке Есмахан Сәкен Майғазиевке сәлем жолдады

Коллаж: sn.kz

11-маусым күні үшінші сәбиін дүниеге әкелген Ерке Есмахан Майғазиевтер әулетіндегі тойға бара алмағанын айтты, — деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

«10 маусымнан әлсін-әлсін толғақ басталды. 11-і күні кешке перзентханаға кеттік. Сағат 19:48-де Райымбекұлы Батыр дүниеге келді. Әкесі қуанышты хабармен сүйіншілетті. Қазір Аллаға шүкір барлығы жақсы», — деп жазды әнші.

Бұдан бөлек, Сәкен Майғазиевтің тұңғышының тойын онлайн тамашалағанын да айтып, өнер иесінен сарқыт күтіп жатқанын жеткізді.

«Сәкен аға — Динара жеңге, тойдан сарқыт күтеді емізулі Ерке», — деді ол.

Ал Сәкен Майғазиев болса жаңа босанған ананы құттықтап, өз алғысын айтты.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close