Қаржы және төлемдер

Ең төменгі жалақыны қажеттіліктерге сай есептеледі

Фото: ашық дереккөз

Сенат депутаттары дамушы елдер үшін ең төменгі жалақыны белгілеу туралы конвенцияны ратификациялады, деп хабарлайды qandastar.kz

Құжатта ең төменгі жалақыны:

  • жұмысшылар мен олардың отбасыларының қажеттіліктерін және елдің экономикалық дамуын ескере отырып белгілеу міндеттеледі;
  • заңмен қорғалатын, төмендетуге болмайтын деңгейде болатыны көрсетілген;
  • сондай-ақ, жалақыны қайта қарау тәртібі бекітіліп, ол кезде жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында кеңес жүргізіледі.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев конвенция ең төменгі жалақыны тек макроэкономикалық көрсеткіштермен емес, азаматтардың нақты қажеттіліктерімен де есептеуге мүмкіндік беретінін атап өтті

Back to top button