Жаңалықтар

Еңбек министрлігі мемлекеттік көмекке өтінген 484 ауқатты отбасын анықтады

Қарағанды облысы мен Шымкентте әлеуметтік көмекке үміт білдіргендердің арасында 484 ауқатты отбасы табылды, деп хабарлады qandastar.kz. Еңбек министрлігі мәлім еткендей, мұндай нәтиже отбасылардың табысын автоматты түрде бағалайтын скорингтік модельді сынақтан өткізу кезінде белгілі болған.

Пилоттық жоба аясында төрт мемлекеттік қызмет қамтылған. Атап айтқанда, тұрғын үй көмегін тағайындау, жалдамалы пәтер ақысының бір бөлігін субсидиялау және мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу бағыттарында барлығы 26 мыңнан астам өтініш қаралды.

Министрліктің мәліметінше, жалдау ақысына субсидия сұраған 1268 адамның ішінде 484 отбасының табысы жоғары болып шыққан. Ал мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға өтініш берген 1256 адамның 32-сі де ауқатты санатқа жатқызылған.

Қазір пилоттық жоба басқа өңірлерде де енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Back to top button