Қоғамда әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы, белгілі композитор Мұрат Құсаиновқа осы уақытқа дейін «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілмегені жөнінде мәселе көтерілді, деп жазады qandastar.kz.
Желі қолданушылары мен мәдениет өкілдері Мәдениет және ақпарат министрлігінен бұл жағдайға байланысты ресми түсініктеме беруді сұрап отыр.
«Бұл жазба Қазақстан Президентінің назарына жетеді деп үміттенеміз. Біз анықтағандай, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаған Мұрат Құсаиновқа әлі күнге дейін «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілмеген. Ал жас әнші Алишер Каримов бұл атақты әлдеқашан иеленген. Мәдениет және ақпарат министрінен осының себебін ашық түсіндіруді сұраймыз: жас әнші өнер саласына қандай еңбегімен Мұрат Құсаиновтан артық түсті?» — делінген үндеуде.
Көпшілік пікірінше, қазақ өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның еңбегін елемеу — рухани әділетсіздік.
«Нағыз қазақтың еңбегі сіңген қайраткерін қадірлемеу — ұят», — деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
