Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Енді 60 жастан асқан жолаушылар пойыздарда жеңілдікпен жүре алады

Ұлттық тасымалдаушы 60 жастан асқан жолаушыларға арналған жаңа жеңілдікті іске қосты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы «Қазақстан темір жолына» сілтеме жасап.

Енді ел ішінде теміржолмен сапарлауға 25% жеңілдік қарастырылған.

Жеңілдікті пайдалану үшін Ұлттық тасымалдаушының барлық пойыздарында жарамды QURMET дисконттық картасын рәсімдеу жеткілікті.

Карта купе, плацкарт және отыратын вагондарда орын шектеусіз билет алуға мүмкіндік береді.

Картаның құны — 3000 теңге, жарамдылық мерзімі — сатып алынған күннен бастап 1 жыл.

Жастар үшін де тиімді мүмкіндіктер ұсынатын жаңа KETTİK33 дисконттық картасы енгізілді.

Енді 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар KETTİK33 дисконттық картасы арқылы купе вагондарындағы жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға билеттерді 33% жеңілдікпен рәсімдей алады.

Картаның құны — 3000 теңге, жарамдылық мерзімі — сатып алынған күннен бастап 1 жыл.

Дисконттық карталар иесінің атына рәсімделеді және үшінші тұлғалардың пайдалануына жол берілмейді.

Картаны тек теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады.

Рәсімдеу үшін жеке куәлік, ұялы телефон нөмірі және (қалау бойынша) электрондық пошта мекенжайы талап етіледі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button