Жаңалықтар

«Енді абайлап жүр»: Бейнеуде блогерлер Еркебұланға жаңа тауық сыйлады

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында жергілікті блогерлер әлеуметтік желіде танылған Еркебұлан есімді тұрғынға жаңа тауық сыйлады, деп хабарлайды qandastar.kz. Бұған дейін ол өз үйіндегі жалғыз тауықты сорпа қылып пісіріп алғаны туралы видео тарап, көпшіліктің назарын аударған еді.

Желі қолданушылары Еркебұланның қарапайым өмірі мен шынайы әрекетіне түрлі пікір білдірген. Кейбірі оны сынға алса, енді бірі әзілмен қолдау көрсеткен.

Осыдан кейін ауданның бір топ блогері Еркебұланға арнайы барып, оған бірнеше тірі тауық пен жемшөп табыстады. Олар бұл қадамды “жақсылықты бөлісіп, ауылдағы қарапайым адамдарға қуаныш сыйлау” деп түсіндірді.

Қуаныштан толқып қалған Еркебұлан блогерлерге ризашылығын білдіріп, жаңа тауықтарын жақсы күтетініне уәде берді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button